2023 жылғы 6 сәуірде ««ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Ауғанов Ғибрат Қайратұлының және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры Хаирова Әсел Әнуарқызының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші болып сайланды және Жұбаев Арманбай Сапарабайұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы есеп комиссиясының сандық құрамы, өкілеттік мерзімі айқындалды, сондай-ақ мүшелері сайланды.
2022 жылғы 18 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 12/22 хаттама) Ауғанов Ғибрат Қайратұлы және Жанәділ Ернар Бейсенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдірушілер болып сайланды.
2022 жылғы 7 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№21/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Алик Серікұлы Айдарбаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022 жылғы 27 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№29/22 хаттама) Хаирова Әсел Әнуарқызы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2022 жылғы 6 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№25/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2021 жылғы (шоғырландырылған және жеке) жылдық қаржылық есептілігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың таза табысын бөлудің тәртібі бекітілді.
2022 жылғы 14 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№22/22 хаттама) Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.