ҚМГ өз бизнесін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына негіздейді. Компания адам құқықтарын қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, мінсіз бедел сақтайды және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.
ҚМГ Комплаенс-жүйесі компания қызметінің заңнамаға, салалық стандарттар мен өзге де міндетті талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Оның элементтері компанияның қызмет түрлеріне интеграцияланған.
Бизнесті адал және этикаға сай жүргізу қағидаттары Іскерлік этика кодексінде бекітілген. Құжатта барлық қызметкерлерге қойылатын стандарттар мен талаптардың базалық жиынтығы бар.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясат
- Құпия ақпараттандыру саясаты
- Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты
- Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты
- Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары
- Іскерлік этика кодексі.
ҚМГ-нің әрбір қызметкері немесе кез келген үшінші тұлға кез келген қызметкердің, мердігерлік ұйымның немесе қызметі ҚМГ-мен байланысты басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына қатысты қандай да бір күмән туындаған жағдайда ҚМГ-ні хабардар етуге құқылы.
Бұл ақпарат этика және алаяқтыққа, ұрлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәуелсіз сенім телефоны арқылы хабарлануы мүмкін:
Құпия ақпарат телефоны: 8 800 080 47 47
WhatsApp нөмірі: +7 771 191 88 16
Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz
Интернет-портал: www.sk-hotline.kz