Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару жүйесі - ҚМГ қызметін басқару мен бақылауды, сондай-ақ акционерлер, Директорлар кеңесі, Басқарма мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.

ҚМГ-нің корпоративтік басқару практикасын құру және оны жақсарту Корпоративтік басқару кодексі құжатына негізделеді
2021 жылғы негізгі көрсеткіштер
  • 1 197
    Пайда,
    млрд теңге
  • 787
    Салықтар және бюджетке
    төленетін басқа да міндетті
    төлемдер, млрд теңге
  • 1216
    Сатып алу,
    млрд теңге
  • 78
    %
    Сатып алудағы
    жергілікті қамту үлесі
Корпоративтік басқару рейтингі

2021 жылы жүргізілген тәуелсіз диагностиканың нәтижелері бойынша ҚМГ-ге "ВВВ" деңгейінде корпоративтік басқару рейтингі берілді. Бұл рейтинг корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келетінін және жүйенің тиімді жұмыс істейтінін растайды.

ҚМГ корпоративтік басқару құрылымы
stru-corp-upr
Акционерлер

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы - 87,42%, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - 9,58%, KASE және AIX биржаларында еркін айналымдағы акциялар – 3%.
«Самұрық-Қазына» АҚ пен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ арасында жасалған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын сенімгерлік басқаруға беру туралы 2015 жылғы 12 қазандағы № 505 НБ/529-и шартқа сәйкес Қор ҚМГ-нің барлық дауыс беретін акцияларына иелік етеді.

Толығырақ

Директорлар кеңесі

ҚМГ-нің жалпы қызметіне басшылық етеді, Компания қызметінің басым бағыттарын, даму стратегиясын белгілейді.

Толығырақ

Басқарма

Басқарма компанияның ағымдағы қызметіне басшылық ететін ҚМГ-нің алқалы атқарушы органы.

Толығырақ
Корпоратив хатшысы

ҚМГ мен акционерлер, акционерлер мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, омбудсмен, Басқарма мен ҚМГ-нің өзге де органдары арасындағы жүйелі коммуникацияларды қолдайды.

Толығырақ
special-card

Омбудсмен

Еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

Толығырақ
special-card

Комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша міндетті талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ
Ішкі аудит қызметі

ҚМГ-нің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды жүзеге асырады.

Толығырақ
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін қауіпті оқиғалардың алдын алуға және туындаған кезде олардың әсерін шектеуге мүмкіндік береді.

Толығырақ
ҚМГ компаниялар тобының құрылымы

ҚМГ компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ге тиесілі 110 компания кіреді, оның 56-сы ҚР аумағында орналасқан.

Толығырақ
Корпоративті құжаттар
Толығырақ